Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы Oil Capital Cup турниріндегі еркін күрес шеберлері арасындағы жеңімпаздар анықталды

“Біріккен күрес әлемі" (UWW) күнтізбелік жоспарына енген Атыраудағы Oil Capital Cup турнирінің үшінші жарыс күнінде ерін күрес шеберлері сынға түсіп, жеңімпаздар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Атыраудағы дүбірлі доданың үшінші жарыс күнінде еркін күрес шеберлері сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады. Жарыс алаңына 57, 65, 74, 92 және аса ауыр салмақтағы балуандар өнер көрсетті. 57 келіде Мерей Базарбаев Дәурен Әмірханды ұтып, турнирдің жеңімпазы атанса, 65 келідегі ресейлік Абасгаджи Магомедовтың мерейі үстем болды. Ол финалда былтырғы ел чемпионы Маис Әлиевтің мысын басты. 74 келіде салмақта қазақстандық Қуандық Шалдар ақтық айқаста украиналық Вадим Кириленкодан басым түссе, 92 келіде украиндық балуан Илья Арчая үздік атанды. Ал аса ауыр салмақ дәрежесінде Нұрсұлтан Азовқа тең келер қарсылас болмады.

Айта кетейік, бұған дейін Oil Capital Cup турнирінде өнер көрсеткен грек-рим күрес шеберлерінің жеңімпаздары туралы жазған едік.

Талқылау