Атырауда балабақша қызметкерлері жұмыс орнын ішімдік ішетін жерге айналдырған
Атыраудағы балабақшалардың бірінде жұмыс істейтін әйелдер жұмыс орнында ішімдік ішкен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Мектепке дейінгі мекеменің ішінде мереке ұйымдастырғандардың әрекеті әлеуметтік желіге тарап кетті. Видеода бөбекжай ішінде қызметкерлер емін-еркін стақандарын соғыстырып, ішімдік ішіп, тойлап отырғаны көрінеді.
Осы оқиға бойынша қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп, бейнежазбаның 2023 жылы күзде түсірілгенін анықтады. Жұмыс орнында ішімдік ішкендер тәрбиеші емес, еден жуушылар болып шықты. Оларға қатаң сөгіс жарияланған.
Еске салсақ, бұған дейін Көкшетаудағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршіннің төсегіне жатып алып шугаринг жасатқаны үшін басы дауға қалған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"