Атырауда журналистің көлігін жарып жіберген күдікті ұсталды
Полиция басқармасындағылар күдіктінің қалай, қайда ұсталғанын әзірге айтпай отыр. Халықаралық ақпарат агенттігі тілшісінің көлігін жарып жіберген күдікті қолға түсті. Бұл жайынды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сілтеме жасап хабарлайды.

"Криминалдық полиция қызметкерлері Атырау облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп журналистің көлігін өртеп жіберді деген күдіктіні анықтап, ұстады", - делінген құқық қорғау органдарының хабарламасында.
Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда.
Естеріңізге сала кетейік, "ҚазАқпарат" ХАА журналисі Виктор Сутягиннің көлігі 11 мамырға қараған түні өртеніп кетті. Жәбірленуші көлікті белгісіз бір ер адамның өртеп жібергенін айтқан болатын.
Атырау облысының полиция департаменті оқиға фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202 – бабының 3-бөлігі - "бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру"бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Атырауда танымал журналистің көлігін белгісіз біреулер қасақана өртеп жіберген
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді