Атырауда сауда үйінде биік қабаттан өрмелеп түспек болған жасөспірім құлап жарақат алды

Атыраудағы Infinity сауда орталығында 14 жасар жасөспірім биіктен құлап, жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Atyrauoil порталына сілтеме жасап.
Видеода бала жоғарғы қабаттан жоғарыдан салбырап тұрған сымдармен өрмелеу арқылы төменге түспек болғаны көрінеді. Бір сәтте ұстай алмай құлап, сауда орталығының кіріс бөліміндегі төбені тесіп өткен. Оқиға 24 наурыз кешкісін болды. Жедел жәрдем бригадасы дереу жетіп, жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Полиция мәліметінше, жасөспірім ата-анасының қарауынсыз болған және қауіпсіздік талаптарын бұзған.
"14 жасар жасөспірім қауіпсіздік ережелерін бұзып, биіктен секіріп, жеңіл жарақат алды. Медициналық тексерістен кейін ол ата-анасымен бірге үйіне жіберілді", – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.
-
Атырау түрмесінде сотталғандардың арасында төбелес шығып, біреуі көз жұмды
-
Алматыда ер адам 12 жастағы балаға пышақпен шабуыл жасады (видео)
Оқиға бойынша ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, нысандағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру үшін тиісті органдарға тапсырма берілді.
Кейбір куәгерлердің айтуынша, жасөспірімнің әрекеті жанжалға байланысты болуы мүмкін. Бірақ бұл ақпарат ресми расталмаған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?