Атырауда полицияға тергеуге барған жігіт із-түссіз жоғалып кетті
Атырауда 21 жастағы жігіт екі күннен бері табылмай жатыр. Оны 30 қараша күні Атырау қалалық полиция басқармасына тергеуге шақырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол 30 қарашада таңертең практикаға кеткен. Бұдан соң полиция департаментіне тергеуге бару керек болған.
Оның қандай бап бойынша жауап алуға шақырылғаны белгісіз. Жас жігіт полиция басқармасының дәлізінде біраз уақыт отырғаннан кейін көшеге шығып, байланысқа шықпай қалған.
Анасының айтуынша, соңғы рет 30 қарашада кешкі 7-де баласымен сөйлескен. Осыдан кейін оның телефоны өшірілген. Әлеуметтік желіде жоғалған жігіт туралы ақпарат тарап жатыр.
“Жігітті іздестіріп жатырмыз. Әзірге қайда екені анықталған жоқ”, —деді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"