Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пәтерді қасақана өртеген: Атырауда өрттен 70 жастағы әже мерт болып, ұлы ауруханаға түсті

Атырауда көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер 67 адамды құтқарып, эвакуациялады, оның 36-сы – балалар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТЖМ

Өрт Атыраудың Алмагүл шағынауданында жеті қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болды. Өрт аумағы – 74 шаршы метр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, жүк көлігі мен баспалдақтың көмегімен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды, 54 адам эвакуацияланды, оның 30-ы – балалар. Өрт сөндірілді.

“Өрт орнынан 70 жастағы әженің мәйіті табылды", –  деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Марқұмның 30 жастағы ұлы күйік шалып, ауруханаға түсті.

Ведомоство пәтерге әдейі өрт қойылған болуы мүмкін дейді.

Талқылау