Атырауда отшашу салдарынан тұрғын үй қабырғасынан өрт шықты
Атырауда отшашу салдарынан тұрғын үйдің сыртқы қабырғасы өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ATYRAU ONLINE Telegram арнасына сілтеме жасап хабарайды.

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келді. Олар тұрғындарды эвакуациялап, ғимаратты қоршауға алған.
Кейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Instagram желісіндегі парақшасында өрттің сөндірілгенін хабарлады.
"Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің шығуына отшашу себеп болған", - деді ол.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады