Атырауда мал базарының артынан қан-жын төгілген құдық табылды

Атырау қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан "Адал" мал базарының артында үйілген мал терісі, қатты қалдықтармен қатар жерасты құбырымен қан-жын аралас сұйықтық төгілген құдық анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның жазуынша, "қолдан жасалған" заңсыз құдықты облыстық экология департаменті 16 маусымда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген кезде байқаған. Тексеру барысында биологиялық және тұрмыстық қалдықтардың барлығы тікелей базар аумағынан шыққаны анықталған. Малдың қан-жыны қасапханадан құбыр арқылы аумақтың сыртында қазылған шұңқырға төгілсе керек.
Экология департаменті уәкілетті органдарға шара қолдануды талап етіп, хаттар жолдады.
Ресми ақпаратқа сәйкес, аумақ терілер мен қоқыстан тазартылған. Жер асты ағындысының жайы не болатыны әлі белгісіз.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"