"Бірнеше сағат бойы ұрып, пышақпен денесін тілген": Атырауда қызды азаптап, стримге түсірген жігіт ұсталды

Атырауда әлеуметтік желідегі стримнен кейін қызға қол көтерген жігіт ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырауда 21 жастағы жергілікті тұрғын әлеуметтік желілерде видео жариялады. Онда ол көрермендерге қоштасып, қолындағы пышақ пен жараларын көрсетті. Жанында 19 жастағы қыз болды. Оның қорқып тұрғаны және бет-аузынан қан іздері көрініп тұрды. Жігіт оны да көрермендерге сөйлетуге мәжбүрлеген.
Алғашқы деректер бойынша, видеоны жариялаған соң, жігіт бірнеше сағат бойы қызды соққыға жығып, пышақ жараларын салған. Көбін ол әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен.
Қыз ауруханаға жеткізілді, оған медициналық көмек көрсетілуде. Күдікті өз әрекетін досының өз-өзіне қол жұмсауынан кейінгі эмоционалды күйімен түсіндірді.
Жігіт ұсталып, іс қылмыстық кодекстің 110-бабы ("Азаптау") және 147-бабы ("Жеке өмірге қол сұғу") бойынша қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған