Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда қызды азаптап, оны тікелей эфирде көрсеткен жігіт 30 тәулікке қамалды

Фото: Видеодан скриншот

Атырауда қызға дене жарақаттарын салғанын әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсеткен жігіт 30 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырауда 21 жастағы жергілікті тұрғын әлеуметтік желіде қоштасу сипатындағы видео жариялады. Кадрларда ол қолындағы пышақты және қолындағы жараларды көрсетеді. Оның жанында қорқып тұрған, үстінде қанның ізі бар 19 жастағы қыз болған. Сондай-ақ бейнежазбада ол қызды да көрермендерге үндеу жасауға мәжбүрлеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, видеоны жариялағаннан кейін жас жігіт бірнеше сағат бойы қызды ұрып-соғып, оған пышақ жарақатын салған. Болған оқиғаның бір бөлігін ол әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы көрсеткен.


Ақтауда жаттықтырушы ерекше баланы ұрған (видео)

Атырау облысында бүтін бір отбасының өлімі: Күдіктінің қылмысқа не үшін барғаны белгілі болды


Зардап шеккен қыз ауруханаға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Күдікті ұсталып, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 110-бабы (“Азаптау”) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол мұндай әрекетке баруына бұған дейін өз-өзіне қол жұмсаған досының өлімінен кейінгі ауыр эмоциялық күйі себеп болды деп түсіндірді.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотының 2026 жылғы 9 наурыздағы қаулысына сәйкес, ол Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі кодекстің 434-бабы 2-бөлігі (“Ұсақ бұзақылық”) және 440-бабы 1-бөлігі (“Алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орынға мас күйде келу”) бойынша кінәлі деп танылды. Қызды азаптаған жігітке 30 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда әлеуметтік желідегі стримнен кейін қызға қол көтерген жігіт ұсталғаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 12 Наурыз, 2026 12:25