Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасының қызы да күдікті деп танылды

Фото: Полиция

Атырауда жоғалып кеткен отбасының қызына да “күдікті” мәртебесі берілді. Бұған дейін әйел адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл ақпаратты Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов айтты. Оның сөзінше, отбасының қызы мен жолдасы жақында Индонезиядан елге қайтарылады. 

“Ол жұбайымен бірге жақын арада Индонезиядан Қазақстанға қайтарылады. Экстрадициялау (елге қайтару) рәсімі екі елдің құзырлы органдарының қатысуымен жүргізіліп жатыр. Ал жоғалып кеткен отбасының басқа мүшелерінің тағдыры әлі белгісіз. Оларды іздеу жұмыстары Атырау облысында құрылған арнайы топтың күшімен жалғасып жатыр”, – деді вице-министр. 

Оқиғының мән-жайы

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалған. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.

Осы іс бойынша желіде өзін “атыраулық хакер” таныстырған ер адам жоғалған адамдардың SIM карталарын анықтап, қаржылық операциялары арқылы күдіктінің отбасының күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Кейінірек полиция атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.

Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. Полиция күдіктінің қайда екенін білетінін және жақын арада тұтқындайтытын хабарлаған.

Сонымен қатар 24 ақпан күні олардың Индонезияда ұсталғаны айтылған еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 12:46