Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда бір жолдың бойына 30 жол белгісін орнатып қойған (видео)

Желіде Атырауда жолдың жаяу жүргіншілерге арналған бөлігі толықтай жол белгілерімен көмкерілгені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Кадрлардан бүкіл көше бойына орнатылған бірдей жол белгілерін байқауға болады. Олардың жалпы саны – 30. Видео әлеуметтік желілерде тез танымал болып, қолданушылар арасында қызу пікірталас туғызды. 



Қала әкімдігінің хабарлауынша, барлық белгілер жоба бойынша орнатылған.

"Мемлекеттік сараптамадан шыққан құжаттамаға сәйкес мердігер мекеме жобаны жасақтап жатыр. Жоба бойынша әр белгі көрініп тұр. Белгі салынбауы керек дегеннің өзінде ол жобада тұрған нәрсе. Жоба әлі қабылданбаған. Қабылданған күні әр белгіні қабылдап аламыз. Сондықтан мердігер мекеменікі дұрыс. Жобада тұрса, салынуы керек. Бәрі біткен соң жолдағы жолақтар сызылады. Артынша біз жобаны қабылдап аламыз", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда 38 миллион теңгеге салық төлеушілердің ақшасына сатып алынған дәретханалар жұмыс істемей тұрғаны туралы жазған едік. 

Талқылау