Атырауда құрылысшы бесінші қабаттан құлап, көз жұмды: Екіншісі ауруханада жатыр
Атыраудағы құрылыс алаңында бесінші қабаттан екі жұмысшы құлап, біреуі оқиға орнында қаза тапты, екіншісі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AtyrauPress порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Атырауда құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап кетті. Бірі қаза тапты, екіншісі ауруханада жатыр", – делінген хабарламада.
Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметі оқиғаның 20 қаңтарда, сағат 11:15 шамасында болғанын хабарлады. Құлау салдарынан 43 жастағы ер адам жарақаттарынан қайтыс болса, 33 жастағы әріптесі облыстық ауруханаға жеткізілді.
Тергеушілер оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге жан-жақты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда альпинист баннер орнатамын деп 12-қабаттан құлап кеткенін жазған едік. Оқиға 3 желтоқсанда Төле би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде болды. Қайтыс болған альпинистің жасы 27-де еді. Алматы полиция департаменті еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
"Ауызашардамын" деп сурет салуға болмайды: Исламтанушы Рамазан айында неден тыйылу керегін айтты