Атырауда базардан ірі өрт шықты
Атыраудағы "Дина" базарының аумағында ірі өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ресми мәлімет бойынша, 22 маусым күні сағат 13:04-те Атыраудағы Абрахманов көшесінің бойында орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер шақырылған жерге жеткенде дүкеннің шатырының өртеніп жатқанын анықтады. Өрттің жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрады.
ТЖД хабарлағандай, өрт сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталуда.
"Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, "Семсер-Өрт сөндіруші" ЖШС, "АТМА" әуежайы" АҚ мекемелерінің күштері мен құралдары, барлығы 53 адам мен 13 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді