Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті (видео)
Фото: Видеодан скрин
Атырауда 11 жастағы бала велосипедпен лифтіге кірмек болып, лифт шахтасына құлап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алайда лифт есіктері автоматты түрде жабылып, баланың өзі сыртта қалып, ал велосипеді есік пен кабина арасына қыстырылып қалған. Лифт жоғары көтеріле бастағанда, бала велосипедтен айырылмай, жерден көтеріле түскен. Бір сәтте қолын жіберіп алып, шахтаға құлап кеткен.
Абырой болғанда, бала аман қалды. Ол ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Ауыр жарақаттар анықталған жоқ. Аталған оқиға бойынша тексеріс тағайындалды.
"Өлі адаммен" лифттегі пранк: Қазақстандық блогер желідегі видеосы үшін қамауға алынды
Еске салайық, бұған дейін қазақстандықтарға жұмыс істеп тұрғанына 25 жылдан асқан лифттерді пайдаланудан бас тартуға кеңес берілді. Қазақстанда 7 мыңға жуық ескі лифттер әлі ажыратылмаған. Мамандар олардың көбі Павлодар, Қарағанды және Абай облыстарында екенін айтады. Олардың қатарында Шығыс және Батыс Қазақстан да бар. Бүкіл ел бойынша ескірген лифттер 15 ақпанға дейін ауыстырылуы керек еді. Мұндай шешім былтыр ЕАЭО-ға мүше елдер үшін ортақ техрегламент бекітілген кезде қабылданды. Алайда ештеңе өзгермеген.