Атырауда 3 жасар баланың кәріз құдығына құлап кетуіне байланысты балабақша директоры мен тәрбиеші сотталды
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәріз құдығына батып кеткен бүлдіршіннің жағдайын байланысты балабақша меңгерушісі мен тәрбиешісін кінәлі деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Istock.com
С 2023 жылдың 21 мамырында рұқсат құжаттарын алып, өз атына жеке кәсіпкерлікті тіркеп, "Чебурашка" квазимемлекеттік балабақшасын ашқан. Ол үшін 2023 жылдың 26 мамырында Атырау қаласында екі қабатты үйді жалға алған. 2023 жылдың 7 шілдесінде балабақша директорының бұйрығымен Д жұмысқа тәрбиеші боп жұмысқа кірді.
2023 жылдың 1 қарашасында 3 жасар М балабақшаға қабылданды. Ол шілдеде қараусыз қалып, кәріз құдығына құлап, мерт болды.
Сотталушылар өз кінәларын толық мойындады. Прокурор оларды 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды және 3 жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығын айыруды сұрады.
Сот балабақша директорының кінәсін мойындағанын, отбасылық және денсаулық жағдайын жеңілдететін мән-жай деп таныды.
"Сотталушылар Қылмыстық кодекстің 141-бабының 2-бөлігі “Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау” бойынша кінәлі деп танылып, оларды 3 жылға оқытушылық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 63-бабын қолданып, белгіленген мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, жазаны өтеу шарттыға ауысты", – делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.