Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда 17 жастағы жасөспірімнің өзіне қол жұмсамақ болған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Атырауда 17 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. 17 жастағы жасөспірім Атыраудағы Берғалиев көшесінің бойындағы көпірден секіріп кетпек болған. 

Куәгерлердің айтуынша, жасөспірімді байқаған полицейлер дереу оқиға орнына жеткен. Полиция қызметкерлері жасөспіріммен сөйлесіп, райынан қайтарған. 



“Жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жедел-тергеу тобы жасөспірімнің бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы бір ауылда екі жасөспірім өзіне қол жұмсағаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 09 Желтоқсан, 2024 20:06