Атырауда 15 жастағы қыз мектептегі жанжалдан кейін жоғалып кетті

Атырауда “Жайық-Бином” мектебінің 15 жастағы оқушысы Інжумаржан Қуанышқызына іздеу жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайыққа” сілтеме жасап хабарлайды.
Қыздың анасы Інжумаржан оқу орны әкімшілігінің қысымынан кейін туындаған жанжалдан кейін жоғалып кетті деп отыр.
Ғалия Тұяққалиеваның айтуынша, оқу жылының басында ол қызын жаңа мектепке ауыстырған. Кейін оқушы мен тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары арасында жанжал туып, ол осыдан кейін сыныптан түсініктеме жинай бастаған.
e-Otinish порталында жарияланған өтінішінде әйел тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарының оқушыларды жасөспірімге қарсы ұжымдық арыз жазуға үгіттегенін, ал отбасына мектептен құжаттарын алып кету ұсынылғанын көрсеткен.
“Менің қызыма директордың орынбасары тарапынан қысым жасалды. Сыныптағы оқушыларды оған қарсы түсініктеме жазуға мәжбүрледі. Кейін бізді құжаттарды алып кетуге мәжбүрледі, 19 ақпанда маған мектептен қоңырау шалды, алайда жұмыста болғандықтан бірден жауап бере алмадым. Келесі күні ол мектепке барған. Сол жерде оқушылардың түсініктемелерн көрсетіп, құжаттарды алып кету керек екенін айтты”, – дейді Ғалия Тұяққалиева.
Осы жағдайдан кейін қыз үйіне келген, бірақ біраз уақыттан соң қайтадан пәтерден шығып кетіп, содан бері оралмаған. Қазір кәмелетке толмаған жасөспірімге іздеу жарияланды. Оны полиция іздестіріп жатыр.
Сонымен қатар 10 “П” сыныбының ата-аналары директордың орынбасарының жұмыс әдістерін тексеруді сұрап, ұжымдық өтініш жолдаған. Өтініште оқушылардан түрлі себептермен түсініктеме жазу талап еткені, сыныпты тарату туралы ескертулер айтылғаны, балалардың телефондарын сабақ басталғаннан күні бойына жинап алатынын, ал жағдайды талқыланған кезде ата-аналардың чаты жабылғаны туралы айталған.
Інжумаржан анасы болған жайт қызының эмоциялық жағдайына әсер етуі мүмкін деп санайды. Ол мектеп әкімшілігінің әрекеттеріне құқықтық баға беруді және оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.
Материал жарияланған сәтке дейін білім басқармасы мен мектеп әкімшілігінен ресми түсініктеме алынбады.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты