Атырауда 1 млрд теңге бюджет қаржысына салынған өрт депосы сапасыз болып шықты
Атырауда 1 млрд теңге бюджет қаржысына салынған өрт депосы сапасыз болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Құзырлы орган өкілдері жүргізген тексерістің нәтижесінде құрлыс нормалары сақталмағаны анықталды. Жұмыс жобалау, сметалау құжатқа сай жүргізілмеген, керекті жабдықтар толық жеткізлімеген және жылу, су, электр жүйелерінің жекеленген бөліктері жарамсыз күйде болған.
"Осы деректере бойынша жинақталған құжаттар ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабына сәйкес іс қозғалып, ары қарай тергеу үшін сыбайлас жемқорлық басқармасына жолданды", - дейді облыс прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов.
Бірқатар кемшіліктерден кейін облыстық төтенше жағдайлар департаменті нысанды тіркеп, меншігіне алудан бас тартты.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі