Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
2019 жылы 6 қыркүйекте Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 6-қабаттан құлаған баланы құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жедел жәрдем бөліміне 2017 жылы туған бала «Иық сүйегінің сынуы, төменгі жақ сүйегінің сынуы, көптеген қабырғаларының сынуы, 1-2 дәрежелі травматикалық шок» диагнозымен жеткізілді.
Жарақаттанған қыз бала жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, дәрігерлер бір сағат ішінде баланы хирургиялық емдеуге дайындады. Ота кезінде кішкентай қыздың көкбауыры мен ішкі қан кетулері анықталды. Алайда сәтті отаға қарамастан, ауыр жарақат пен көп қан жоғалту салдарынан тағы алты күн жансақтау бөлімінде дәрігерлердің бақылауында ұстауға тура келді.
Ата-анасының айтуы бойынша, екі жасар сәби алтыншы қабаттан құлаған, жедел жәрдем бөліміне жеткізген ата-анасының жедел әрекетінің арқасында науқасқа медициналық көмек уақытылы көрсетілді. Дәрігерлердің кәсіби қызметінің нәтижесінде сәбидің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.

"1 жыл бойы стрессте жүріп, ауруым бар екенін білмегем": Қатерлі ісікке шалдыққан 22 жастағы музыкант қазақстандықтардан көмек сұрады
