Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау облысында полиция қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

Атырау облысында полиция қызметкерлер пара алды деген күдікке іліндіФото: Ru.freepik.com

Атырау облысында екі полиция қызметкері пара алды деген күдікке ілінді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ақ Жайық” порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мақат ауданының тұрғыны мас күйінде көлік жүргізіп, полиция қызметкерлеріне 300 мың теңге берген. Кейін ер адам ақшаны қайтаруды талап етіп, Атырау облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметіне арыз жазған.

Арыз берушінің айтуынша, ол ақшаны мас күйінде көлік жүргізіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін берген.

Азаматтың арызы 2025 жылғы 24 желтоқсанда тіркеліп, кейін сотқа дейінгі тергеу басталды. Сол күні күдікке ілінген полиция қызметкерлері жалпы жиналыс кезінде ұсталды.


Қарағандыда тапанша ұрлады деп айыпталған полиция басшысының бұрынғы орынбасары сот залында босатылды


Кейін тәртіп сақшылары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тексеру нәтижесінде екеуі де заңға қайшы әрекеті үшін жұмыстан шығарылды.

Бұған дейін Алматыда полиция қызметкерлері ер адамнан “істі тоқтату үшін” ақша талап еткені туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 06 Қаңтар, 2026 16:47