Атырау облысында қыз бен жігіт өз-өзіне қол салды
Атырау облысының ауылдарының бірінде жігіт пен қыз өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Махамбет аудандық полиция бөлімінің 102-пультіне Бейбарыс ауылындағы үйдің душынан 1999 жылы туылған жігіттің және 2001 жылы туған қыздың мәйіттері табылды деген хабарлама түсті. Аталған факті бойынша аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің «Өз-өзіне қол жұмсау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстық істің аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Аймағамбетов.
Ол қылмыстық тергеудің барысы облыс прокурорының бақылауында екенін хабарлады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі