Атырау облысында дрон сынықтарына ұқсас бөлшектер табылды

Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттар табылды. Полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеріс басталғанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алдымен құлаған дыбыс естілген. Сосын нысан өртенген. Кейін оқиға орнынан күйген бөлшектер табылған.
Ал полиция департаменті нысанның елді мекеннен тыс аумаққа құлағанын мәлімдеді. Қазір мамандар тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Батыс Қазақстанда тағы бір ұшқышсыз аппарат табылды: Полиция пікір білдірді
БҚО-да табылған ұшқышсыз аппарат: Полиция құпия бақылау дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр
“Атырау облысы полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.
Қазір бұл нысанның қайдан келгені анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстанда ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылғаны туралы жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді