Атырау облысында бір отбасының жоғалуы: Күдікке ілінген күйеу баласы мен қызы Индонезияда ұсталды

Атырау облысында бір отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке ілінген азамат Индонезияда ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
“Қазақстан ІІМ қызметкерлері шетелдік әріптестермен бірлесіп, Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірген. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша айып тағылып отыр”, – деп мәлімдеді министрлік.
Сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен ретінде халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да анықталған.
Атырау облысында бір отбасының жоғалуы: Күдіктінің анасы ұлын полицияға берілуге шақырды
Оқиғының мән-жайы
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалып кеткен еді. Отбасы 2025 жылдың күзінде жоғалған. Іздеудегі адамдар 1959 жылы туған Мақсот Қарабалин, оның жұбайы 1961 жылы туған Насипа Өтешқалиева, олардың балалары 1990 жылы туған Мейрамгүл Қарабалина мен 1993 жылы туған Наурыз Мұқанғалиев. Отбасының жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Артынша отбасының үйінің ауласынан ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Насип Өтешқалиеваның мәйіттері көмілген күйде табылды. Олардың балалары әлі де із-түссіз жоғалғандар қатарында.
Осы іс бойынша желіде өзін “атыраулық хакер” таныстырған ер адам жоғалған адамдардың SIM карталарын анықтап, қаржылық операциялары арқылы күдіктінің отбасының күйеу баласы болуы мүмкін екенін хабарлаған еді. Кейінірек полиция атыраулық хакерге халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.
Полиция отбасының екі мүшесін өлтірді деген күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті – отбасының 29 жастағы күйеу баласы, Атырау облысы Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев. Полиция күдіктінің қайда екенін білетінін және жақын арада тұтқындайтытын хабарлаған.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты