Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел 4 айлық сәбиін өлтірді деген күдікке ілінді

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының тұрғыны өзінің төрт айлық сәбиін өлтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі АқЖайық басылымына сілтеме беріп. 

Басылым мәліметтеріне сүйенсек, күдікті әйел бірнеше рет нәрестені қатты жылағаны үшін ас үй пышағымен жарақаттаған. 

Нәрестенің өлімін облыстық полиция растады.

"Аталған факті бойынша 99-баптың 2-бөлігінің 3-тармағы "Дәрменсіз күйде екенін біле отыра, тұлғаны өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп хабарлады полициядан.

Осы бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қауіпі бар.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, тергеу жалғасуда.


"Қызының көзінше өлтірген": Қазақстандық азамат әйелінің көзін құрту үшін киллер жалдаған

 

"Оның өліміне директор кінәлі": Өскеменде мектеп мұғалімі көз жұмды

 

Талқылау