Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырау аквапаркінде уланған балалар: Бассейн басшысы қамауға алынды

14 адам бассейнде хлордан уланды

Фото: Ru.freepik.com

Атыраудағы бассейнде балалар жаппай уланған соң Palma аквапаркінің басшысы қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ATYRAU ONLINE порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау қаласының тергеу сотының қаулысымен бассейн басшысына үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Куәгерлердің айтуынша, бассейн ішінде хлордың иісі күрт күшейіп, су лайланып кеткен. Балалар жөтеліп, есінен тана бастаған. Ата-аналар оларды қолдарына көтеріп, далаға алып шыққан. Оқиға орнына дәрігерлер мен төтенше жағдайлар қызметі жедел жеткен.

Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға хлорқұрамды заттардың мөлшерден тыс қосылуы себеп болған. Бассейн иелері су тазарту жүйесінде ақау болғанын мойындады. Оқиғадан кейін нысан уақытша жабылып, ТЖД мен прокуратура тексеру жұмыстарын бастаған.

Қазір тергеу жалғасып жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін бассейн басшысы үйқамақта болады.

Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы Palma аквапаркінде 13 бала уланып, ауруханаға жеткізілді. Бассейнге келгендер өткір тұншықтырғыш иісті сезген, ал кейбірі бір мезетте құсып, қатты жөтеле басталған. Үш бала ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түсті. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 21 Шілде, 2025 08:13
Талқылау