"Атын естігенде жүрегім жарылады": Мақпал Жүнісова тікелей эфирде тыңдарманымен тілдесіп, жылап қалды
Халық әртісі Мақпал Жүнісова тыңдарманынан жылы сөз естіп, жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Өнер иесі “Хабар” арнасындағы “Оян” бағдарламасында қонақ болды.
“Мақпалды көргеніме қуаныштымын. Құдай қаласа жаңа жылда жаңа табысқа жетіп, қызыңыздың қызығын көріңіз. Той болсын. Әрдайым осылай жайнап жүре беріңіз. Алланың берген жасын жасап, осылай кеңпейіліңізбен Қазақстанда көркейіп жаңара беріңіз. Сізді өмір бақи жақсы көремін. Әндеріңізді сүйіп тыңдаймын. Недеген керемет қызсыз, Мақпал Жүнісова. Сіздің атыңызды естігенде жүрегім жарылады. Деніңіз сау болсын, әпке", – деді көрермен.
-
"Анасына ән айтып беретін едім": Мақпал Жүнісова марқұм Мұрат Ерғалиевті есіне алды
-
"Роза Рымбаеваға қызығамын": Мақпал Жүнісова болашақ арманын бөлісті
Халық әртісі бейтаныс келіншектің ықыласына риза болып, көз жасына ерік берді.
“Бәрімізді жылатты-ау. Енді қуаныштан жылаңыз. Шымкент қаласында тұрады екен. Мен Шымкентке көп барамын. Қатты риза болып отырмын. Сыйлық жасағым келіп отыр”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, "Шешең берсе де, бермесе де аламын" деді": Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовтің өзіне қалай ғашық болғанын айтып берген еді.