Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атымды жойғысы келеді": Әнші Алмас Кішкенбаев қара тізімде екенін мәлімдеді

Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасадыФото: instagram.com/a.kishkenbaev

Танымал әнші Алмас Кішкенбаев шығармашылығына ден қойған сәтте кедергі келтіріп жатқандар жайлы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Әнші оның есімін қазақ эстрадасынан жойғысы келетін жандар бар екенін алға тартып, тыңдармандары барда өнер жолын тастамайтынын жеткізді.

“Менің атымды тарихтан жойғысы келеді екен.... Көрейік... Күтейік... Өмір жалғаса береді, сіздер барда мен өшпеймін”, – деп жазды ол.

Әнші сондай-ақ барлық телеарнаның қара тізімінде екенін айтты. 

Барлық телеарнаның қара тізімінде екенімді білемін. Телеарналарың да, қара тізімдерің де өздеріңе. Қарапайым халықтың алдында мен жай ғана әншімін. Өнерімді құрметтейтін тыңдармандарым бар. Оны да артық көрсеңіздер, айтарға басқа сөзім жоқ”, – деп жазды ол.

Алмас Кішкенбаев мәлімдеме жасады

Еске салайық, бұған дейін Алмас Кішкенбаевтың 17 жастағы жасөспірімге тиіскені үшін ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін бала құқығы жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеме жасап, Кішкенбаевтың “бұзақылық” бабымен жауапқа тартылғанын айтты. 

Кейінірек бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 11 Ақпан, 2026 16:34