Аты аңызға айналған футболшы өмірден озды
"Қайрат"-тың ардагер ойыншысы, Қазақ КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушы Леонид Остроушко 83 жасында қайтыс болды (3.12.19), деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қайрат футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.
Сурет: fckairat.com
Леонид Остроушконың футболдағы карьерасы толығымен "Қайрат" клубында өтті. Алты маусым барысында Жоғары лигада ойнап, 200 матч өкізген, оның ішінде 8 гол соққан. Бірінші лигада өткізген 7 маусымда Остроушко 55 рет айрықша көзге түскен. 1957 жылы жартылай қорғаушы ретінде ойнап жүріп, клубтың үздік бомбардирі атанған.
Леонид Константинович ұзақ жылдар бойы "Қайрат"-тың жаттықтырушысы болған. Дәл Остроушконың тұсында 1986 жылы КСРО біріншілігінде "Қайрат" үздік нәтижеге қол жеткізді, КСРО Жоғары лигасында 6-шы орын алды. Одан бөлек алматылық футболщылар 1988 жылы КСРО федерациясы Кубогін ұтады. Ал 2003 жылы Леонид Остроушконың бастамасымен "Қайрат" Қазақстан Кубогінің 5 дүркін иегерлері атанады.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"