Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Атеист болып кете жаздадым": Айдана Меденова не үшін өкінетінін айтты

Өнерден кетіп, дінге бет бұрған Kesh You тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова өзін “арабизм” деп айыптағандарға жауап берді. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/aidanamedenova_officialpage

Айдана Меденова Tik Tok-тағы парақшасында дінге қалай келгені жайлы айтып берді.

“Сіздер мені әнші ретінде білесіздер. 5 жасымнан бастап ән салып, сахнада жүрдім. Өзім өнерлі отбасыда туып, өстім. Содан шығар, өзімді әнші деп ғана елестететінмін. Сахнасыз өзімді елестете алмайтынмын. Бірақ адамның ойы өзгереді екен. Мен кішкентай кезімнен “Біз не үшін өмірге келдік? Біздің өмірлік миссиямыз қандай?” деген сияқты сұрақтар қоятынмын. Қазір дінге бет бұрғалы көп дүниеге басқаша қарай бастадым. Мен орамалды бір сәтте, болмаса біреуге еліктегеннен таға салған жоқпын. Бірақ әлеуметтік желілерде “біреуге еліктедің”, “мұныңыз арабизм” деп мені кінәлап жатыр. Мен үшін ең қиын кезең 15 жасымда болды. Анам қайтыс болды. Түңілгенім соншалықты, атеист болып кете жазадым. Сырттай сау болам да, жан дүнием өлгендей күй кештім. Бірақ сол кезде де Алланың қолдауын сездім. Анамнан ерте айырылғандықтан ерте есеюге тура келді. Өз бетімше оқуға түстім, тынбай еңбектендім, жәймен арман-мақсаттарыма жете бастадым. Өнер адамы болғандықтан ойлағаным: үлкен сахна, танымалдық, қомақты гонорар, сән-салтанат, сыйлықтар. Аталғандарға ақырындап жете бастадым. Барлық белгілер, дұрыс ойлар Алладан екенін сезетінмін және оған қатты сенетінмін. Бірақ жанымдағы адамдар дін, Құран туралы айта бастаса мен қашатынмын. “Мен жақсы адаммын, ешкімді алдамаймын, өлтірмеймін, ниетім таза, бастысы Аллаға сенемін” деп ойлайтынмын. Сол сөздерім үшін қатты өкінемін”, – дейді Айдана Меденова.

 

 

Талқылау