Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атасы мен әжесі науқас немересін 6 жылдан бері байлауда ұстап отыр

Қытайдағы Хэнань провинциясында егде жастағы жұбайлар 6 жылдан бері психикалық ауытқушылығы бар немере қыздарын байлауда ұстап отыр.

Screenshot_1

8 жасар Чжао Цзыидің ата-әжесі 2010 жылы немерелерін талға байлағандарын айтып берді. Оған себеп – психикалық ауытқушылыққа душар болған қыз адамдардың үстіне секіріп, тап беретін болған.

Қатігездіктің құрбаны болған науқас бала туралы білген журналистер оның хал-жағдайын білуге барып қайтты. Олардың айтуынша, қыз жалаң аяқ жерде тұрған, одан бөлек оны мойнынан және кеуде тұсынан жіппен байлап тастаған, деп хабарлады Life.ru.

Жергілікті ақпарат құралына берген сұхбатында жұбайлар Чжаоны ара-тұра босатып тұратындарын мәлімдеген. Үй ауласында кішкене серуендеткеннен кейін олар қызды қайта байлап қояды екен.

«Чжао қауіп төндіре бастады. Оны босатсақ, ол кішкентай балалар мен егде жастағы қарияларға шабуылдай бастайды. Әлеуметтік тұрғыдан қауіпті болғандықтан, біз оны байлауда ұстап отырмыз», – деп түсіндірді қыздың атасы.

Егде жастағы қариялар науқас қыз бен оның сап-сау екі інісіне қамқор болып отырған жалғыз адамдар. Ал қызды емдетуге олардың ақшасы жоқ.

Балалардың әкесі – мүгедек. Ол жақын маңдағы зауыттардың бірінде жұмыс істесе, аналарының қайда екені белгісіз.

Жергілікті шенеуніктер South China Morning Post басылымына бұл отбасыны керек-жарақтарымен және жәрдемақымен қамтамасыз еткендерін айтқан. Соған қарамастан, жұп кішкентай қызды байлауда ұстауын тоқтатпаған.

Жіберіп алмаңыз: 

6 жасар америкалық бала қан жоса болған сириялық бүлдіршінді өз отбасына шақырды

Өгей әке 3 жасар қызды бассейнге тұншықтырып өлтірді (видео)

Оқушы бала “президентке хабарласып” полицейлерді қорқыта жаздады (видео)

Талқылау