"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-басшысы Абылай Мырзахметов ұсталды
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов пара алу күдігімен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі аталған мәліметті растады.
"Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз", – деді Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.
Еске сала кетейік, Абылай Мырзаметов 2016 жылы 16 маусымда "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы болып қайта сайланған еді.
Өткен жылы 18 ақпанда Абылай Мырзахметов "Атамекен" ҰКП басқарма төрағалығынан өз еркімен бас тартты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"