Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атамбаев шегараны нығайтып, қорғанысты күшейтуге тапсырма берді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қырғызстан қарулы күштері бас штабының басшысы Райимберди Дуйшенбиевке ел шекарасын нығайтып, қорғаныс қабілетін күшейтуге тапсырма берді.

Атамбаевтың баспасөз қызметі 8 қарашада Дуйшенбиев Атамбаевтың қабылдауында болып, оған Қырғызстанның қорғаныс әлеуетін нығайту, қарулы күштерді дамыту жұмыстары мен әскери қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандырылуы және техникалық жарақтандырылуы бойынша жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтып бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық.

Дуйшенбиев сонымен қатар мемлекеттік шекара қызметінің әскерилеріне арналған көп қабатты екі үй салынып біткенін және Баткен облысында “Минбулак” заставасын ашуға дайындық жасалып жатқанын айтты.

Атамбаев қырғыз армиясының қазіргі жағдайын өзінің президент болған алты жылда жеткен жетістіктерінің бірі санайды. Мамырдың соңында Қырғызстан қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған шарада сөйлеген Атамбаев “армияға реформа жасалғанын” және оның қазір елді қорғай алатын дәрежеде екенін мәлімдеген.

Тағы да оқыңыз:

Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)

Қырғызстандық балалар Атамбаев пен Назарбаевтан татуласуларын өтінді

Қырғызстанның жаңа президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитінін айтты

Талқылау