Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты әнші Нұрғали Нүсіпжанов 80 жас мерейтойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Танымал қазақ әншісі, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов өзінің 80 жасқа толу мерейтойын дүркіретіп атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz.

нусіпжанов

Нүсіпжановтің мерейтойына қазақ өнері мен әдебиетінің майталмандары түгел жиналды. Олардың арасында танымал қазақ қаламгерлері Дулат Исабеков, Смағұл Елубаев, Нұрлан Оразалиндер бар.

нусіпжанов-80 жас

Ал әншілерден Жеңіс Сейдоллаұлы, Сәкен Майғазиевтер өнердегі ағаларының қуанышына ортақтасты.

нусіпжанов-3

Әншінің мерейтойына орай “Өз елім” атты ән кеші ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанұлы Талдықорған облысының Гвардия ауданындағы Күреңбелдің (Алтынемел) жанындағы Доланалы ауылында 1937 жылдың 5 қаңтарында қарапайым шопан отбасында дүниеге келді. Оның ата-бабалары ежелден осы өлкенің күңгейтеріскейін мекендеген. *Қоғалыдағы орта мектепте оқыған жылдарында әнге құмартты. Қазақстанның халық әртісі.Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Өзбекстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке жетекші-солисті.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық танымал режиссер Ninety One тобы туралы фильм түсіретін болды

Төреғали Төреәлі өзі сынаған “Ninety one” тобының образын қайталады

Меруерт Түсіпбаева енді телеарна продюсерін сотқа бермек

Талқылау