Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық танымал режиссер Ninety One тобы туралы фильм түсіретін болды

Қазақстандық танымал режиссер Асқар Ұзабаев шыққандарына бір жылдан енді ғана асса да ерекше танымалдылыққа ие болған Ninety One туралы кино түсірмек.

9d0fa5aa-faa5-40da-9e0c-4081da575d32

Фото: today.kz

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

“Біз Ninety One тобы туралы фильм түсіреміз. Қазіргі таңда сценарий жазылып жатыр. Бұл топ туралы толығырақ білгісі келетін фанаттар мен адамдар келесі күзде киноны тамашалай алады. Бұл деректі фильм емес, бұл балалардың топқа қалай келгендігін баяндаған әңгімесі негізінде түсіріледі”, – деді Ұзабаев.

Еске сала кетсек, 23 ақпанда Ұзабаевтың “Келинка тоже человек” фильмінің тұсаукесері өткен болатын. Қазақстандық кинокомедияның түсірілім уақыты небәрі 21 күнді құрапты.

Ал Ninety One тобы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде құрылған. Топ құрамында Азамат Зенкаев, Батырхан Мәліков, Азамат Ашмақын, Дулат Мұхаметқалиев және Данияр Кулумшин бар.

Оқи отырыңыз:

“Мақсат пен Мақсат” тобы тыңдармандарымен қайта қауышпақ

Төреғали Төреәлі өзі сынаған “Ninety one” тобының образын қайталады

Лара Фабиан Димашты жеңісімен құттықтады

Ата-анасы: Ауылдың ауасымен тыныс алған Димашқа қалған 7 кезең оңай болады (видео)

Талқылау