Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атақты Криштиану Роналдудың сүйіктісі әлемдегі үздік модельдердің біріне айналды

Криштиану РоналдуФото:@Cristiano

Даңқты футболшы Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригес әлемдегі ең танымал модельдердің біріне айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бизнес пен шоу-бизнес саласындағы беделді портал әлеуметтік желілердегі жазылушылар санына сүйене отырып, әлемдік жұлдыздардың тұрақты рейтингін жариялады.

Аталған рейтингте Джорджина Родригес екінші орынға жайғасты. Оның Instagram мен TikTok желілеріндегі жазылушыларының жалпы саны 92,4 миллионды құрайды.

Рейтингтің көшін 30 жастағы америкалық супермодель Кендалл Дженнер бастап тұр. Оны әлеуметтік желілерде 291,7 миллионнан астам адам оқиды. Үшінші орында тағы бір америкалық модель  Джиджи Хадид (77,6 млн).

Рейтинг Instagram және TikTok желілеріндегі жазылушылардың жиынтық санына негізделген.

Әлемдегі ең танымал модельдер рейтингі:
    1.    Кендалл Дженнер (АҚШ) – 291,7 млн
    2.    Джорджина Родригес (Испания/Аргентина) – 92,4 млн
    3.    Джиджи Хадид (АҚШ) – 77,6 млн
    4.    Хейли Бибер (АҚШ) – 72,5 млн
    5.    Белла Хадид (АҚШ) – 71,3 млн
    6.    Кара Делевинь (Ұлыбритания) – 43,5 млн
    7.    Крисси Тайген (АҚШ) – 41,1 млн
    8.    Лена Мантлер (Германия) – 33 млн
    9.    Эмили Ратаковски (Ұлыбритания) – 31,6 млн
    10.    Хейли Калил (АҚШ) – 25,5 млн

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес 2016 жылдан бері бірге өмір сүріп келеді. 2025 жылы әйгілі футболшы сүйіктісіне ресми түрде үйленуге ұсыныс жасап, қымбат гауһар тасты сақина сыйлаған. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

Джорджина Родригестің әкесі испан, анасы аргентиналық. Ол актриса, модель және жеке кәсіпкер. Жұлдызды жұптың екі ортақ қызы бар Алана Мартина мен Белла Эсмеральда. Сонымен қатар, Роналдудың суррогат анадан туған үш баласы Криштиану кіші, Матео және Ева да олармен бірге өсіп келеді. Қазіргі таңда отбасы бес баланы тәрбиелеп отыр.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 00:18