Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ата-әжесі: Димаштың арқасында біз де “жұлдыз” болдық

Димашты мәпелеп өсірген ата-әжесі оның денсаулығы үшін алаңдап жүр. Байқаудан орын алса да, алмаса да, олар үшін Димаштың амандығынан маңыздысы жоқ.

ata ajesi Dimashpen

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құдайберген ақсақал мен Зиуа әжей жатса-тұрса Димаштың тілеуін тілейді. Олар Димаштың әр жетістігіне балаша қуанады, оны мақтан тұтады.

«Астана» арнасына берген сұхбатында ата-әжесі Димаштың арқасында өздерінің де жұлдыз болғандарын айтып берді.

«Жақсы көретін баламыздың үлкен деңгейде жүргеніне, абыройлы болғанына қуаныштымыз, Алла Тағала қолдаса деп тілейміз. Баламыздың арқасында біз де жұлдыз болдық деп жатырмыз. Көпшілік жерге барғанда: «О, Димаштың атасы мен әжесі. Сізбен суретке түсуге бола ма?» – дейді. Оның өзі де үлкен құрмет.

Адамнан жасырғанды Құдайдан жасырмайсың дейді ғой. Туған әке-шешесін «сенің әке-шешең емес» демейміз. Бірақ өзі кештеу, есейген шағында солардан туғанын білді. Онда да журналистер ғой шығарып жүрген», – дейді Димаштың атасы.

Әжесі Зиуа Димаштың Қытайдағы байқауға қатысуының өзін жеңіске балап отыр.

«Өзіміздің пейіліміз шығар, жұрттың жетістігіне қуанып отырамыз. Балаларымыздың жетістікке жетіп жатқаны соның арқасы шығар деп ойлаймын. Жақсы сөз ойлау керек.

Қатысқанының өзі жеңіс. Үлкен деңгейдегі байқауларға қатысып жүр ғой. Балам өзі алдына мақсат қояды, орын аламын дейді. Енді өз деңгейін білетін шығар. Бірақ бізге алар-алмас, бала аман жүрсе, соған қатысқанының өзі жетістік деп отырамыз», – деп түсіндірді Зиуа әжей.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш Қытайдың танымал телеарнасына сұхбат берді (видео)

Димаш Singer жобасының жалпы есебінде көш бастап тұр

Танымал журналист Қытай жобасының отандық арнадан көрсетілуіне қарсы шықты

Танымал тележүргізуші Баян мен Тұрсынғалиді “жыл жұбы” деп атады (видео)

Талқылау