Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбидің жынысын әншінің өзі анықтады: Сәкен Майғазиев сүйінші жаңалығын бөлісті

Сәкен Майғазиев немерелі болмақФото: instagram.com/saken_maigaziyev

“МузАрт” тобының мүшесі, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні нәрестелі болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Кадрлардан өнер иесінің отбасымен бірге болашақ сәбидің жынысын анықтап жатқан сәтін көруге болады. Ол сәбидің жынысы жасырылған тортты өзі кеседі.

Әнші болашақ немересінің жынысы маңызды емес екенін айтып, ең бастысы дені сау болып дүниеге келуін тіледі.

“Ұл болса да, қыз болса да, ең бастысы иманды, білімді, саналы, өнерлі, жан-жақты болып өскенін шын жүректен тілеймін. Алланың сүйген құлы болсын. Дені сау болсын. Динара екеуміз ата-әже атануға ниеттіміз”, – деді әнші.

Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні жақында қызды болады.

Сәкен Майғазиев немерелі болмақ

Айта кетейік, бұған дейін Нұрлан имамның алдында уағыз айтқан Сәкен Майғазиев қызу талқыға түскені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 02 Ақпан, 2026 11:56