"Қарым-қатынасына қарсы болған": Алматыда зейнеткерлерді үйімен бірге өртеп жіберген ер адамға қатысты тың деректер айтылды
Алматыда өртенген үйден екі зейнеткердің мәйіті табылды. 46 жастағы ер адам ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінді. Тексеріс барысында күдіктінің марқұм ерлі-зайыптының қызының сүйіктісі екені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видео скрин
Көршілердің айтуынша, зейнткерлер қызының ер адаммен көңіл жарастыруына қарсы болған. Күдікті ішіп келіп, жанжал шығаратын көрінеді. Ол өзін жақтырмаған ғашығының отбасынан осылайша кек алған.
Болжам бойынша, күдікті түнгі сағат үшке таман келіп есік қаққан. Ұйқысынан оянған қария есік ашқанда қаскөй оны бірден пышақтап тастаған. Зейнеткердің денесі сол құлаған күйі жерде қалған. Күдікті үйдің ішіне қарай кіріп, бөлмедегі зейнеткердің әйелін басынан ұрып, есінен тандырады.
Қылмыскердің әрекетіне қатысты тағы бір нұсқа бар. Бірі — ізін суыту үшін үйді бірден өртеп жіберген, бірақ немен, қалай екені белгісіз. Екіншісі — газды ашып кеткен. Талып қалған әжей есін жиып, жарықты қосқан кезде жарылған дейді көршілері. Сондай-ақ зейнеткерлердің үйінде аурушаң бала болған
Көршілердің бірі қатты дыбыстан оянып, үйге қарай беттеген. Үй жақтан аутизм диагнозы қойылған баланың даусын естіген. Ол үйге кіріп, баланы сырқа алып шыққан. Сонда ол жерде жатқан зейнеткерді көрген. Бірақ ол кезде марқұм өліп кеткен екен. Кейуананы үйден таппаған. Ал олардың қыздары сыртқа өзі шыққан. 200 шаршы метр аумақтағы баспанада төрт отбасы тұрады. Арасы қабырғамен бөлінген. Зейнеткерлердің қызы да көңілдесімен бірге осында тұрған.
Қариялардың екеуінің бас қосуына қарсы болған себебі – екеуі де жұмыс істемеген. Ерлі-зайыптының зейнетақысына ортақтасқан көрінеді.
“Ол жиі арақ ішетін. Сондықтан қыздың әкесі оған түбегейлі қарсы болды. Ұрыс-керіс жиі болатын. Ол: "мен Женяны өлердей сүйемін, онсыз өмір сүре алмаймын" дейтін. Тіпті сол үшін өзінің тамырын кескен. Женя да оны жақсы көретін”, – дейді көршілері.
Қылмыскер өз әрекетін жоспарлаған дейді полиция. Осылайша оқиға орнынан ізін суытпақ болған.
“Қылмысқа біраз дайындалғанына көз жеткіздік. Өйткені жәбірленушілердің үйіне өз көлігімен келмей, көлігін бірталай алыс жерге тастап, өзі жаяу келіп, содан соң қылмысын жүзеге асырған соң, көлігіне жаяу жеткен. Із кесу шараларында бір тәулікте күдіктінің аты-жөні анықталып, ұсталды”, – дейді Алматы полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Тәртіп сақшылары қылмыскерді бір тәуліктің ішінде ұстады.
Бұған дейін Алматыда ер адам ерлі-зайыптыны өлтіріп, үйін өртеп кеткені туралы жазған едік.