Асылхан Төлепов актерлікті тастап, дубляж саласына түбегейлі бет бұрмақ па?
«Жаужүрек мың бала» картинасы арқылы мыңдаған сұлудың жүрегін жаулған Асылхан Төлепов, енді дубляж саласында мүмкіндігін байқап көрмек. Кезінде ең жас мәслихат депутаты атанған ол, дыбыстаудың майталман маманы ретінде танылуға да қарсы емес..
Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды.
Көрерменнің сүйіктісі, актер Асылхан Төлепов бұл күндері дубляж студиясында тынбай еңбектенуде. Өнер иесі Әбіш Кекілбаев шығармасының желісі бойынша таспаланған картинаны дыбыстауға кірісіп кеткен.
«Бұл енді «Шыңырау» деген жақында ғана түсірілімін аяқтадық. Алматыда және Форт-Шевченко, Ақтауда жүрді түсірілімі. Сол түсірілім алаңына кейді кедергілер болады. Кедергі болғанда осындай дубляж жасайды», – дейді Асылхан.
Өзгеге қарағанда, өзінің дауысын дыбыстау әлдеқайда жеңіл екенін алға тартқан актер – дубляжды үлкен өнерге балайды.
«Өзіңнің даусыңды өзің жазу оңайға соғады. Бірақ басқа актердің даусын жазу өте қиын негізі. Бұл да бір үлкен жұмыс. Бұл да бір үлкен қиындықты тудыратын нәрсе”, – деп түсіндірді ол.
Соңғы кездері шет елдік туындылардың көбісі қазақшаға аударылып жатқаны рас. Тіпті, Диснейлік «Моана» мультфильмінің кейіпкерлеріне әнші Мақпал Исабекова мен Беркут өз дауыстарын сыйлаған болатын.
Ал, әншілерге қарағанда өзінің арнайы маман екенін алға тартқан Асылхан, болашақта дубляж саласына бет бұруға қарсы еместігін айтады.
«Ия жасар едім, егер ұсыныс түссе. Негізі өзімнің мамандығым актер және сөз сөйлеу жанрының әртісі. Яғни, жүргізушілік, дикторлық және осындай дубляж жасау. Сол сала бойынша мамандықта оқыған болатынмын», – дейді Асылхан Төлепов.
Жіберіп алмаңыз:
“Ауырмайды жүректің” авторы ең танымал әртістермен дүркіретіп той өткізді (видео)
Балаларға іріктеу жасаған Сәкен Димашқа еліктейтін жастардың көбейгенін айтты (видео)
Америкада жүрген Жанар Дұғалова атақты Николь Шерзингермен дуэт айта ма? (фото)
Мейрамбек Бесбаев «астарлы саясат» жүргізіп отырған «Гәкку» арнасының былығын әшкере қылды