Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ASUS компаниясы CES 2026 көрмесінде жасанды интеллект енгізілген ең жаңа ноутбуктерді таныстырды

ASUS Expert Book Ultra

Жасанды интеллект енгізілген құрылғылардың қатарында ExpertBook Ultra ноутбугі, Expert сериясындағы ноутбуктер, сондай-ақ MyExpert бағдарламалық құралдары бар. Заманауи құрылғылар ұжымдық қолданушыларға бизнес процестерді оңтайландыруға, өнімділікті арттыруға және икемді шешімдер қабылдауға арналған жасанды интеллект негізіндегі құрылғыларды ұсынады.

ASUS компаниясы 6 қаңтар күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында CES 2026 көрмесі аясында күнделікті жұмыс процесін оңтайландыруға арналған жасанды интеллект технологиялары қолдайтын ең жаңа бизнес-құрылғылар мен бағдарламалық өнімдерді таныстырды. Жаңа құрылғылардың қатарында ASUS ExpertBook Ultra ноутбугі, Expert P және B сериялы дербес компьютерлер, жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған инновациялық ASUS MyExpert бағдарламалық платформасы және әмбебап ASUS Chromebook құрылғылары бар. Заманауи бизнес талаптары мен тиімді гибридтік жұмысқа арналған бұл құрылғылар ең жоғары өнімділік, ұжымдық деңгейдегі қауіпсіздік және экологиялық таза сипаттарымен ерекшеленеді.

ASUS ExpertBook Ultra ноутбугі – заманауи бизнеске арналған флагман

Жаңа ASUS ExpertBook Ultra іскерлік ноутбугі – ASUS ExpertBook коммерциялық сериясының флагманы. Ол кәсіби жұмыс үшін өте жоғары өнімділік пен жасанды интеллекттің соңғы функцияларын ұсынады. Ноутбуктың қарапайым әрі таңдаулы дизайны іскерлік ортаға керемет үйлеседі. Құрылғының антрацит (Jet Fog) немесе ашық сұр (Morn Grey) түстері бар. Корпусы магний мен алюминий қорытпасынан, цифрлық бағдарламамен басқарылатын жоғары дәлдіктегі фрезерлеу станогында жасалған. Ал 9H беріктігі бар нанокерамикалық жабындысы құрылғының салмағының жеңілдігіне қарамастан өте мықты әрі ұзаққа төзімді. Салмағы 0,99 келіден басталатын құрылғы өте жеңіл, АҚШ армиясының әскери-өнеркәсіптік стандарттарға сай сенімділікті және ең жоғары киберқауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етеді. Бұл құрылғының басқа супер жеңіл ноутбуктерден айырмашылығы:

  • Құрылғы барлық қажет қосылу порттарымен жабдықталған,;

  • 70 Вт сағат сыйымдылығы бар батареясы толық бір күн бойы, тіпті одан да ұзақ уақыт өнімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ExpertBook Ultra

Фото: ExpertBook Ultra

Аппараттық конфигурациясының негізінде жасалған ExpertBook Ultra – су жаңа процессор Intel® Core™ Ultra X9 Series 3 нейрон процессорымен 50 TOPS-қа дейінгі өнімділікке ие. Бұл процессор көп мәселелі жұмысты, жасанды интеллект тапсырмаларын және бизнеске арналған талапшыл қосымшаларды оңай орындайды. ASUS ExpertCool Pro салқындату жүйесі TDP (Thermal Design Power) Жылу шығару қуатының жобалық деңгейін 50 Вт-ке дейін сақтайды. Бұл құрылғыға күшті жүктеме кезінде де тұрақты әрі жоғары өнімді жұмыс істеуге көмектеседі.

Жаңа ASUS ExpertBook Ultra пайдаланушыға бар жайлылықты ұсынады. Оның тандемді OLED-панелі 3K-мен көруге мүмкіндік береді және сенсорлық енгізумен жабдықталған. Corning® Gorilla® әйнегі сызаттарға төтеп береді, HDR-контент көрсеткенде жарығы 1400 кд/м²-ге дейін жетеді. Бұл дисплей жұмыс немесе медиаконтентті тексергенде фотоны анық әрі қанық етеді, ал күңгірт жабындысы көзге қосымша жайлылық беріп, шағылысуды азайтады. Dolby Atmos® технологиясы бар 6 динамиктен тұратын аудиожүйе презентациялар мен конференциялар кезінде таза, сапалы дыбыс шығарады. Құрылғыдағы тачпад және эксимерлі жабындысы бар пернетақтаға жанасқандағы саусақ дыбысы пайдаланушыға мәтін теру кезінде қолайлы әрі рахатпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.

Деректердің қауіпсіздігі – ExpertBook Ultra үшін басты артықшылық. ASUS ExpertGuardian технологиясы NIST SP 800-193 стандартының қатаң қағидаларымен микробағдарламаны рұқсатсыз өзгерістерден қорғайды. Ол шабуылдарды анықтап, сенімді нұсқаларды автоматты түрде қалпына келтіріп, аз уақытта жүктеледі, ақаулардың алдын алады және бизнес процестер үшін ең жоғары деңгейдегі киберқауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

ExpertBook B сериясы – жоғары өнімді, зияткерлік функциялары және корпоративтік деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі бар бизнес-ноутбуктер

ASUS компаниясы коммерциялық Expert сериясын кеңейтіп, заманауи бизнес-ортаның жылдам өзгеретін талаптарына толық жауап беретін, жоғары өнімді, жасанды интеллект технологияларын және аса жоғары сенімділікті біріктіретін бизнес-құрылғылардың жаңа буынын ұсынып отыр. Кез келген көлемдегі және әртүрлі саладағы коммерциялық ұйымдарға арналып әзірленген танымал Expert сериясының бұл жаңа құрылғыларында жасанды интеллектің кең мүмкіндіктері, корпоративтік деңгейдегі қауіпсіздік және жоғары беріктік бар.

Expert P сериясына:

AMD Ryzen™ 7 260 процессорымен жабдықталған ExpertBook P3 G2 ноутбугі, сонымен қатар AMD Ryzen AI 9 HX 470 немесе Intel Core Ultra 7 Series 3 процессорлары негізіндегі, жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып өнімді жұмыс істеуге арналған ExpertBook P5 G2 ноутбугі кіреді. Сонымен бірге серияда AMD Ryzen AI 7 445 процессорымен жабдықталған Mini Tower – PM700MG форматындағы ExpertCenter P700 жаңа үстел компьютері және көлемі 8,6 литрлік, AMD Ryzen AI 300-сериялы процессормен жабдықталған P700 SFF ықшам форм-факторлы үстел компьютері бар.

ExpertBook P5 G2 (14” AMD)Фото: ExpertBook P5 G2 (14” AMD)

Бұл Copilot+ ПК құрылғылары кеңседе де, қашықтан жұмыс істеу кезінде де жоғары өнімді кәсіби жұмысқа арналған. Intel Core Ultra немесе AMD Ryzen AI ең жаңа платформаларына негізделген бұл құрылғылар жасанды интеллектті пайдалану арқылы көп тапсырманы қатар орындауға және тапсырмаларды өте жылдам атқаруға мүмкіндік береді. Олар жоғары есептеу қуатын заманауи графикалық мүмкіндіктермен, жоғары жылдамдықты деректер сақтау жүйелерімен және қосылу порттарының кең жиынтығымен үйлестіре отырып, түрлі жұмыс міндеттері үшін икемді шешімдер ұсынады. Үлкен көлемдегі деректерді өңдеу, медиаконтент жасау немесе күрделі симуляциялар болсын – P сериясындағы портативті ноутбуктер мен үстел компьютерлері бейімделе алатын өнімділікті және бизнес процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

ExpertBook B5 G2 (14'' Intel)Фото: ExpertBook B5 G2 (14'' Intel)

ExpertBook B сериясы – қауіпсіздікке, сенімділікке және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға ерекше мән беретін кәсіпорындар үшін әзірленген. Бұл – аппараттық конфигурацияларды икемді таңдауға мүмкіндік беретін бизнес-ноутбуктер топтамасы. ExpertBook B5 G2 ноутбугі Intel Core Ultra 7 Series 3 процессорымен, ал ExpertBook B3 G2 моделі Intel Core Ultra 7 Series 3 немесе AMD Ryzen AI процессорларымен жабдықталған. Бұл құрылғыларға құпия коммерциялық деректерді қорғауға арналған ASUS ExpertGuardian корпоративтік деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі қосылған. Аталған жүйе BIOS Тұрақты жадтың қос микросхемасы, корпустың ашылуын анықтайтын датчик және биометриялық аутентификация арқылы деректерді қауіпсіз етеді.

ExpertBook B3 G2 (14’’ AMD)/ExpertBook B3 G2Фото: ExpertBook B3 G2 (14’’ AMD)/ExpertBook B3 G2

B сериясындағы ноутбуктердің әскери-өнеркәсіптік MIL-STD-810H сенімділік стандартына сәйкестігі тексерілген. Бұл олардың қолайсыз жағдайларда беріктігін ұзақ сақтайтынына кепілдік береді. Олар корпоративтік ортада жұмыс күшейгенде, жиі тасымалдағанда және қарқынды пайдалануға өте қолайлы. Жасанды интеллектінің жоғары өнімділігі мен зияткерлік басқару мүмкіндіктерінің арқасында B сериясындағы бизнес-құрылғылар жұмыс өнімділігін едәуір арттырып, деректердің тұтастығын сенімді түрде қорғайды.

ASUS MyExpert технологиясы – өнімді жұмысқа арналған жасанды интеллект құралдарының жиынтығы
ASUS MyExpert – түрлі бизнес-сценарийлерде күнделікті жұмысты өнімді ететін жасанды интеллект құралдарының кешенді жиынтығы. Бір интуитивті әрі түсінікті интерфейске бес зияткерлік функция енгізілген: AI Chat чаты, Knowledge Hub порталы, AI Writer және Mail Master сияқты кеңейтілген жұмыс құралдары, онлайн конференцияларға арналған ASUS AI ExpertMeet функциялары, сонымен қатар құжаттарды ыңғайлы іздеуге мүмкіндік беретін File Search қызметі. Бұл функциялардың барлығы жасанды интеллектті жергілікті деңгейде де, бұлт ортада да қолдану кезінде деректерді сенімді қорғайды.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 15 Қаңтар, 2026 09:00