Асу Алмабаев UFC-де қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді
Жеңіл салмақта (57 келіге дейін) өнер көрсететін қазақстандық спортшы Асу Алмабаев UFC турниріндегі төртінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенбі күні Лас-Вегастағы UFC турнирінде қазақстандық спортшы бразилиялық Матеусу Николаудан басым түсті. Нәтижесінде жеңіл салмақта 14-ші орында тұрған Асу жетінші орында тұрған Николауды 29-28, 29-28, 29-28 есебімен жеңді.
Асу соңғы раундта қарсыласын нокдаунға түсіріп жеңіске жетті.
Бұл Алмабаевтың мансабындағы 21-ші жеңісі және оның UFC рекорды қазір 4-0. Ол өзінің жеңісті сериясын қатарынан 17 жекпе-жекке дейін ұзартты. Ал Николау болса, ол үшінші рет қатарынан жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Асу Алмабаев соңғы жекпе-жегін 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонға (16-8) қарсы өткізіп, жеңіске жетсе, Матеус соңғы екі шайқасында Брэндон Ройвал және Алекс Перестен ұтылып қалған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"