Асу Алмабаев UFC 299 турнирінде жеңіске жетті
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы ең үздік турнирлердің бірі саналатын 299 кешінде жарқын жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Зүлфикар” лақап атымен танылған Асу Алмабаев UFC тұжырымындағы екінші жекпе-жегін өткізіп, қарсыласынан басым түсті. Ең жеңіл салмақта жұдырықтасатын отандасымыз америкалық Си Джей Вергарадан (12-4-1) үш раунд бойы бір бас жоғары деңгейде болды. Тіпті қылқындырып тастауға да жақын қалды. Дегенмен төрешілер жеңісті бірауыздан Асуға берді.
Арман Оспанов Асу Алмабаевқа чемпиондық белбеуге жету үшін қандай қағиданы ұстану керегін айтты
Айта кетейік, Асу Алмабаев шаршы алаңда 21жекпе-жек өткізіп, 19-ында жеңіске жетсе, 2 рет қарсыласына есе жіберген. Ол UFC-дегі дебюттік кездесуін 2023 жылдың тамызында өткізіп, Оди Осборнды 2 раундта жеңген еді.
"Екі дипломым бар, 5 тіл білемін": Қазақстандық ару Англияда саңырауқұлақ терумен айналысып жүр
Лаура: "Толықтай табыс 7 миллион теңгедей"
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан
Айкерімнің айтуынша, әкесінің отбасы шекара бөлінген кезде Қытай аумағында қалып кеткен

