Астық олигархы Нұрлан Тілеубаев Delta Bank-тен заңсыз ақша жымқырды деп айыпталды
Қаржы мониторингі агенттігі жұмысын тоқтатқан Delta Bank-тің топ-менеджерлеріне қатысты тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг тобының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаеваның айтуынша, 2012-2017 жылдар аралығында астық олигархы Нұрлан Тілеубаев банк қаражатын қайтарымсыз несиелер жолы арқылы заңсыз шығарғанын анықтаған.
Нұрлан Тілеубаев банктің акционері болған.
Тергеу шаралары аясында, күдіктілер мен олардың жақын туыстарының жалпы құны 48 миллиард теңгеден асатын мүлкі тәркіленді. Бұл бес қант зауыты, 20-дан астам жер телімі, 70 жылжымайтын мүлік нысаны 40 көлік. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде, Ресей Федерациясында, Латвия мен Чехияда орналасқан активтеріне бұғат салынған.
- Самат Әбіш не себепті қамауға алынбады: Бас прокурор түсіндірді
- Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
- "Вова ағайды шақырамыз": Басы дауға қалған қазақстандық радио жүргізушісі оқиға жайлы пікірін білдірді
"Қылмыстық әрекеттен келген шығын 200 миллиард теңге, 200 миллион доллар және 4 миллион еуроны құрады. Қылмыстық іс сотқа жолданып, сотталушылар қамауға алынды", – деп қосты Салтанат Көшербаева.
Нұрлан Тілеубаев онсыз да үш банктен (Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki) жымқыру ісі бойынша жазасын өтеп жатыр. 2021 жылдың наурыз айында сот оны және экс-банкир Жомарт Ертаевты тоғыз жылға бас бостандығынан айырған.