Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада ер адам бассейнде қызды құтқарып қалды: Анасы баланы қараусыз қалдырған

Фото: Ru.freepik.com

Астаналық “Балқарағай” демалыс аймағында ер адам ойда-жоқта қыз баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ер адам әлеуметтік желіде болған жағдайды баяндады. Айтуынша, бассейнде жүргенде үлкен кісі келіп бір қыздың бассейнде тым ұзақ жүзіп жүргенін айтты. Қараса, қыз бала су бетінде етбетінен қалқып жатыр екен.

“Уақытқа жүзіп жүрген шығар деп ойладым. Бірақ тексере салайын деп ойладым. Қызды судан шығарғанымда көкпеңбек болып кеткен екен. Ес-түссіз күйде болды. Қорқып кетіп бассейннен шығардым, көмекке дәрігер шақырдым. Келушілерден бірнеше адам келіп, қолынан келгенше көмектесуге тырысты. Жасанды тыныс алдырып, өкпе тұсынан басты. Іші суға толып кеткен екен. Қыз көзін сәл ашқан соң оны медпункке алып кетті. Бірақ онда дәрігер болмаған. Демалыс аймағы мұндай төтенше жағдайға дайын емес екен. Анасын шақырып, табу үшін мегафон да болмады. Айқайлау бекершілік еді”, – деп жазды ер адам.

Оның сөзінше, қыздың анасы болған жағдайдан кейін 15 минуттан соң табылған.

“Келушілердің арқасында қыз аман қалды. Бірақ әр бассейнде құтқарушылар болу керек. Тіпті даяшылар да суға тұншыққан адамға алғашқы көмек көрсете білу керек. Қолында мегафон болу қажет. Анасы 15 минуттан кейін табылды. Бәрімізді балағаттап кетіп қалды. Аффект жағдайда болса керек. Барлық құтқарушының алғашқы көмек көрсете алатын не алмайтынын тексеруге шақырамын”, – делінген жазбада.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 18 Маусым, 2025 08:28
Талқылау