Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық жас тоқал көңілдесінің министрлікте лауазымды қызмет атқаратын айтты

Астаналық жас тоқал сырын ақтарды. 29 жастағы келіншек 48 жастағы азаматпен танысып, қалай тоқал болғанын баяндады.

ac2766581ed5c156aca3f172ca17073e

Бұл туралы “Жаға ұстатты” тобында жарияланды.

“Менің жасым 29-да. Жұмыс бабымен бір жыл бұрын Астанаға көшіп, сонда Нұрдәулетпен таныстым. Оның жасы 48-де, бір министрлікте лауазымды қызметі бар азамат. Әрине, бала-шағасы, отбасы бар.

Жұмыс ретімен бірнеше рет кездесіп жүріп, бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Мейрамханаға шақырып, бірге талай қызықтарды көрдік. Кейіннен саунаға баратын болдық, пәтер де жалдап, қонып жүрдік.

Бірде Нұрдәулет маған тоқалым бол деп ұсыныс жасады.

Әйелін ешқашан тастамайтынын, бірақ мені де қаржылай қолдап отыратынын айтты. Сол жағалаудан керемет пәтер жалдап берді. Сөйтіп, некемізді қиып, үйленген азаматтың екінші әйелі ретіндегі жаңа өмірім басталды. Нұрдәулет күн-ара келіп тұрады.Некелескенімізге бір жылдан асты. Бүгінде арамызда ұлымыз бар. Аллаға шүкір, менің ешқандай қиыншылығым жоқ. Нұрдәулеттің артық сөзі жоқ. Ол мені барлық жағынан қамтамасыз етіп отыр. Әйелге не қажеттің бәрін сатып ала аламын. Осы уақыттан бері көлік алдық, шетелге барып келдік.

Нұрдәулеттің әйелі бастапқыда білмейтін еді.

Шындық ашылған кезде үйіме келіп, жанжал шығарып, көршілерге естірте дәлізде айқайлап, біршама ыңғайссыз жағдайға қалдырды.

Бірақ менің керісінше айызым қанып, оның көз жасына еш жібімедім. Мүмкін, ол Нұрдәулеттің заңды әйелі болғасын жек көргенім болар. Нұрдәулет екеуміздің арамызды бөліп тұрған сол тәрізді көрінеді маған.

Сол оқиғадан соң менің ұйқым қашып жүр. Нұрдәулет келмеген күндері түн ұзақ көз ілмей шығамын.

Себебі ең жаман нәрсе – сүйіктіңді біреумен бөлісу екен. Оны әйелінен қызғанатынды шығардым.

Көз алдыма оның менімен бірге болып, ертесінде әйелін құшатыны, оған да жылы сөздер айтатынын елестетсем, қаным басыма шығады. Түнде оның әйелінің қасында жатқанын ойласам, ішім алай-дүлей болады. Түндерім осылай дөңбекшумен өтеді.

Тағы да оқыңыз:

Ақмола облысында ірі жол апатынан 3 адам көз жұмды

Талқылау