Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық қария қартайғанда өзіне қамқорлық көрсетпеген ұлы туралы айтып ашынды

58 жастағы Кәртай Сәтімбеков Астанада жұмыс істеп жүріп улы газға уланған. Осыдан кейін 3 жыл комада жатып, одан туыстары үміттерін үзеді. Бүгінде қария араға 20 жыл салып іздеп тапқан баласының өзіне қамқорлық көрсетпей отырғанын айтып ашынды. Бұған дұрыс тәрбие бермеген анасын кінәлады.

зжд

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

“2000 жылғы соққыдан кейін денсаулықты жоғалтып, отбасымнан айырылдым. Сол кезде 3 жыл ес-түссіз жаттым. Одан кейін 2 жыл гипспен төсек тартып жаттым. 2007 жылдың бастапқы кезеңінде еңбектеп жүре бастадым. Әйелімді жесір қалуың мүмкін деп туыстары алып кетіпті. Осылайша баламды 20 жылдан артық іздедім. “Бармысың, бауырым”, “Жди меня” сынды бағдарламалардың барлығына түгел бардым. 2009 жылы “Мирас” бірлестігінде жұмыс істеп жүріп телевидениеге шықтым. Сол бағдарлама арқылы ұлым мені тауып, хабарласты. Ана тәрбиесінде өскен бала әкесін бөтенсіп тұрады. Ұлым маған бауыр баспады, мінезі шатақтау болды.

“Қасқырды қанша асырасаң да, далаға қарап ұлиды” деген сөз бар… Ұлым келуін келді. Бірақ, қолда өспеген бала болған соң, мінезі шатақтау болып тұр. Ұл мен қыз ата-анаға бірдей. Жарты ғұмырымды жоғалтып алып отырмын десем болады. Әкесіне жақын болмағаннан кейін бала бұзық болып өсті. Қазіргі заманда әкесін ұрып-соққандар да, зейнетақыларына жармасқандар да болды. Бір жағынан осындай дүниелер бола ма деп қорықтым. Екінші жағынан “Қартайған шағымда мені бақ. Қазір менің денсаулығым жоқ” деп айттым. Ол “Барыңнан жоғың, ашыңнан тоғың” деп бетіме айтып салды. Отбасын сақтап қала алғанымызда бала мұндай болмас еді”, – дейді Кәртай Сәтімбеков.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жас келіншек бұрынғы әйелімен төсектес болған күйеуін қызғанып жүр

Тұрмыста таршылық көрген шымкенттік ару бүйрегін сатпақ

Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минуттан оқытылатын болды

Бас прокурор Абу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды

Талқылау