Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналықтар "Орда" тобының концертіне билет сатып аламын деп алданып қалды

Елордалық тұрғындар "Орда" тобының концертіне жалған билет сатып алғанын концерт басталар алдында білген. Олар алданғанын біліп, бірден полицияға жүгінген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Орда тобының желідегі парақшасынан

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, жалған концерт билеттерін сатып алып, алаяқтардың құрбаны болды. Жәбірленушілер танымал "Орда" тобының концертіне кіре алмай қалған сәтте ғана алданғандарын түсініп, бірден полицияға жүгінген.

"Сол сияқты басқа да азаматтар ресейлік танымал әншінің кешіне кіру үшін жалған QR кодтар сатып алған. Билеттердің құны 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін болған, ал жалпы келтірілген шығын шамамен 200 мың теңге. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұл алаяқтыққа 18 жастағы азаматтың қатысы бар екенін анықтады", – делінген ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Күдікті Instagram желісінде жалған аккаунт ашып, танымал әншілердің концерттеріне баруға мүмкіндік беретін, шын мәнінде жоқ билеттерді ұсынған. Полиция қызметкерлері жәбірленушілер ақша аударған банктік шотты тексеру арқылы күдіктіні таба алды.

Тергеу барысында жас жігіт өз кінәсін толық мойындап, тағы да 11 осындай алаяқтық әрекет жасағаны анықталды.



Еске салайық, бұған дейін ресейлік әнші Валерий Меладзенің алматылық тыңдармандары жалған билет сатып алып, алаяққа алданғанын жаздық. Күдікті жалған билеттерді хабарландыру сайтында сатқан. 29 жастағы алматылық азамат ұсталып, өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында күдікті бұған дейін Қазақстанға гастрольдік сапармен келген 50 Cent, Akon сынды шетелдік әртістердің концертіне де жалған билет сатқанын мойындады.  

Талқылау