Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық шенеунік оңтүстіктегі туысына қатысты шудан кейін екі айдан соң қызметінен кетті

қызметФото:gov.kz

Алтай Әлі Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алтай Әлі 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

•    Еңбек жолын 2005 жылы "Рахат Палас" қонақ үйінде байланыс орталығының қызметкері болып бастаған.
•    2010-2011 жылдары - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ субсидиялау департаментінің менеджері.
•    2014-2015 жылдары - Астана қалалық сотының бас маманы.
•    2015-2018 жылдары ҚР Премьер-министрі кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді.
•    2018 жылы Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, көмекшісі болды.
•    2018-2019 жылдары - Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары - хатшылық меңгерушісі.
•    2019-2020 жылдары - Шымкент қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
•    2021 жылғы ақпаннан бастап 2023 жылға дейін Көлік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жуырда шенеуніктің басы дауға қалды. Желіде "қарапайым жұмысшы" Ербол Құлымбет бір жарым жыл жұмыс істегеннен кейін Жамбыл облысында Көліктік бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғаны туралы ақпарат тарады. Жазбада "оның қызметте бұлай өсуіне Көлік министрлігінде жұмыс істейтін Алтай Әлімен туыстық байланысы себеп екені" айтылды.

Кейінірек Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алтай Әлінің әкесі мен Ербол Құлымбеттің анасы туған ағайындылар екенін анықтаған еді. Десе де агенттік "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға сәйкес мұндай туыстық қатынас жақын туыстар немесе жекжаттар санатына жатпайтынын мәлімдеді.

Соған қарамастан Ербол Құлымбет өз еркімен қызметінен босатылды.

Ал Алтай Әлі бүгін Жамбыл облысы әкімінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.
 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 14:35
Талқылау