Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық нанның ішінен ұстараның жүзін тауып алған (видео)

нанФото: видеодан скрин

Астана тұрғыны "Бір ауыл – бір өнім" республикалық көрмесінен сатып алған ашытқысыз асқабақ қосылған нанның ішінен ұстараның жүзін тауып алғанын айтады. Іс-шараны Ұлттық экономика министрлігі мен "Атамекен" ҰКП ұйымдастырып, "Қазмедиа" ғимаратында өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қыздың айтуынша, ол егде жастағы сатушыны қолдап, нанды 1500 теңгеге сатып алған. Алайда үйіне келген соң ішінен қауіпті зат тауып алғанын айтады.

"Нанды кесе бастағанда ішінен лезвие шықты. Өзім нан жемеймін, тек күйеуім жейді. Әжейге көмектескім келген", - деп жазған қыз Threads желісінде видео жариялаған.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқиғаға тексеру жүргізуді талап етті.

"Өтініш жазыңыз",- деп кеңес берді біреулер. "Мұны бала жеп қойса не болатынын елестетудің өзі қорқынышты",  - деп жазды тағы біреу. "СЭС пен полицияға жүгініңіз. Бұл өте маңызды дүние", - деп пікір қалдырғандар да бар.

Кейбір қолданушылар "үйде жасалған" өнімдердің әрқашан қауіпті екенін айтуда.

"Мен ешқашан “үй өнімдерін” алмаймын. Оның қайда және қалай жасалатынын ешкім білмейді", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Қыз әзірге мемлекеттік органдарға жүгінбеген, бірақ сатушымен сөйлескен. Оның айтуынша, сатушы бұл оқиғаны нанға әртүрлі өрнек салатын жұмысшылардың ұстараның жүзін "байқамай түсіріп алғанымен" түсіндіріп, кешірім сұраған.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 17 Қараша, 2025 11:18
Талқылау